Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс – діни экстремизм мен терроризм деп айтуымызға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың өңін айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл тек біздің еліміз емес, дүниежүзін айтарлықтай алаңдатып отыр.
Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі - Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектепінде аудандық Білім Беру Бөлімің ұйымдастыруымен "Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігінің кепілі" тақырыбында оқушылар арасында дөңгек үстел, әрі семинар болып өтті.
Кездесуде Білім беру бөлімінің мамандары, «Зайырлық және Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, ата-аналар, Сайрам ауданындағы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы Ж.Битанов қатысты. Семинар сонында өткізілген дөңгелек үстел семинар қортындыланды.
Қарамұрт ауыл округі 37-ші жалпы орта мектептің директоры, мұғалімдері және ата-аналарымен Сайрам аудандыдық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Абайлаңыз, ата-ана!" тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесуді Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ- нің теолог маманы Ж.Битанов жүргізді.
Жиын соңында мектепің мұғалімдерімен ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.