Ақпараттық-насихат топ 170 кездесу ұйымдастырған

Қысқаша

Ақпараттық-насихат топ 170 кездесу ұйымдастырған

16.jpg

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттерде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатыр. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде ислам дінін бүркеленген діни ағымдардың алдын алу кезек күттірмеитін мәселеге айналып отыр.

Түркістан қаласында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар жолға қойылған. Мәселен, дін мәселелері жөніндегі 18 адамнан құралған ақпараттық-насихат топтары қаладағы үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихат түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда 170 кездесу ұйымдастырған.

- Жуырда облыстың орталығы болған тұста Түркістанда құрылған Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының тұрақты жұмыс істейтін өкілдігімен жоспарлы жұмыстар жасалып, облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің теолог мамандары мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен діни тұрақтылықтың аясындағы іс шаралар жандандырылуда – дейді Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев.