Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті

Қысқаша

Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматыда пышақпен жарақаттап кетті

24.jpgБұл туралы блогер Әлішер Елікбаев хабарлады.

«Бұл анық ақпарат, бірақ мен толығырақ ешқандай мәлімет білмеймін», - дейді ол.

Денис Тен – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері. 2013 жылы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты өткенде күміс медальге ие болған. VII қысқы Азияда ойындарының жеңімпазы және көптеген халықаралық сайыстардың жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы.

13 маусымда Денис Тен 25 жасқа толды.