Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мобильді топ велошеру өткізді

Қысқаша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір минут қа да бәсеңдемеуі керек. Қоғамның назарын әркез осы жаққа аударып отыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырыл жатыр. Бұл шара нәтижесі де емес.

15.jpgСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір минут қа да бәсеңдемеуі керек. Қоғамның назарын әркез осы жаққа аударып отыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырыл жатыр. Бұл шара нәтижесі де емес. 

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекмесі бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мобильді тобы құрылған. Еңбек ұжымдары мен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізіліп, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретін топты құруға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұрындық болды. Құрылған мобильді топ өкілдері Леңгер қаласындағы Төлеби көшесінде арнайы жастардың қатысуымен «Адал жол» марафоны аясында велошеру ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы велошеруге 100-ге жуық адам қатысып, жас спортшыларға дипломдар табысталды. Қоғамдық шараға қатысқандар арасында сыбайлас жемқорлыққа деген іштей қарсылықтың пайда болғанын олардың әңгімелерінен байқалды. Егер осындай азаматтар көбейсе, сыбайластықтың тамырына балта шабылатыны анық.