Діни ақпаратты тексеріп көр

Қысқаша

Сайрам ауданының Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлерімен және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен өте тағылымды тақырыпта кездесу болып өтті.

12.jpgСайрам ауданының Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлерімен және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен өте тағылымды тақырыпта кездесу болып өтті.

Әңгіме "Діни ақпаратты тексеріп көр" деген тақырып төңірегінде болды.Сөз басын Аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Байымбетов Мухан соңғы уақытта дін мәселесі күрделеніп, түрлі теріс діни ағымдар көбейіп кеткенін айтты.

Діни ақпаратты алу үшін теолог мамандардын ақпаратымен көмегінің керек екенін айтып өтті. Аудандық теолог маманы Тажибаев діни ақпарат аларда ол ақпарат қайдан алынды, оның сілтемесі көрсетілген ба, соны қарап, мұқият тексеру керек, деді.

Сонымен қатар қазір діни ағымдардың насихаты интернет, әлеуметтік желіде белсенді, ашық таралуда, егер де теріс діни ағымдардың насихаты болса, оны сақтауға, таратуға, лайк басуға тыйым салынатынын ескертті.

Оның соны айыппұлмен немесе заңмен қаралады.Сондықтан теріс діни ағымдардың насихатынан сақтану керек екенін айтты.Діни ақпаратты теолог мамандардан, ресми имамдардан алуға шақырды. Кездесу сонында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.