Дінді түсіну ахуалы жақсарды

Қысқаша

Ата-бабадан келе жатқан дәстүріміз – келешек ұрпақты ақ жолдан адастырмайтын бағдар. Тұрмысы түзелген елдің күнделікті күнкөрістен басқа, адал жол іздейтін сұранысы пайда болады. Қазақ халқының өзіндік танымы, философиясы, айнала өмірді түсінетін пайымы б

11.jpgАта-бабадан келе жатқан дәстүріміз – келешек ұрпақты ақ жолдан адастырмайтын бағдар. Тұрмысы түзелген елдің күнделікті күнкөрістен басқа, адал жол іздейтін сұранысы пайда болады. Қазақ халқының өзіндік танымы, философиясы, айнала өмірді түсінетін пайымы бар. Ол атам заманнан қалыптасқан түсінік.

Дегенмен, соңғы кездері қалыптасқан дәстүрді теріс мағынада түсіндіретін түрлі ағымдар пайда болғандай. Олар жастардың түсігінігін улап, теріс жаққа тартып алып бара жатқан секілді көрінеді. Соған қарсы тұру үшін «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан атқралып жатқан істердің көбейгені байқалады. Нақтырақ айтқанда, өткен жарты жылда 1 облыстық әдістемелік-семинар, 3 аудандық семинар өткізілген. Облыстағы барлық жоғарғы оқу орындары (университеттер) студенттерінің қатысуымен «Діни ағымсыз – Қазақстан» тақырыбында эстафеталық флешмоб ұйымдастырылды. Орталықтың 21-42-03 сенім телефоны және азаматтардың арызы бойынша жалпы 5 мәселе қаралып, өз шешімін тапты.

Оңтүстік Қазақстан облысында  ҚАЖД қарасты 6 түзеу мекемелеріндегі жұмыс жоспарға сәйкес жыл басынан бері жалпы және топтық 66, жеке 125 кездесулер өткізіліп, 900-ға жуық сотталушы азаматтар қамтылды.