Семинарға қатысып қайтты

Қысқаша

Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы С. Сапарбаев пен дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен "Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл: талдау, алдын алу, о

Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы С. Сапарбаев пен дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен "Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл: талдау, алдын алу, оңалту" тақырыбында республикалық семинарға қатысты. Семинар Алматы қаласында өтті. 

Тақырыбы айтып тұрғанедай семинарда өте өзекті мәселелер қаралды. Түркістан облысында бұл мәселе бұрыннан күн тәртібінде тұр. Өңірде атқарылып жатқан іс көп. Деген де де, орналасқан географиялық жағдайы, тұрғындарының саяси, азаматтық, дін саласында белсенділігіне қарай дініи экстремизммен күрес мәселесі қашанда маңызды саналады. 

Семинарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам вице министрі Берік Арын, саясаткерлер Айдос Сарым, Расул Жұмалы және басқа да дін ғалымдары дәріс оқыды. Семинар барысында қоғамдағы өткір мәселенің шешілу жолдары мен күрделі мәселелері талқыланды. Екі күндік семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.