Интернеттегі теріс діни ақпараттардан сақтанайық

Қысқаша

Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі — бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі.

Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі  — бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы. Харизматикалық қасиеттерге ие теріс діни ағым насихаттаушысы діннен аз хабардар адамды оңай таниды және оны өз қарамағына тартып алады. Сол себепті, дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауап¬ты ең әуелі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан анықтауға болатындығын атап өткен жөн.

Сайрам ауданы Ақсукент ауыл округінде «Интернеттегі теріс діни ақпараттардан сақтанайық» атты жиын болып өтті. Онда  Ақсукент ауыл округінің полиция инспекторы мен телог маман ауыл тұрғындарына теріс көзқарастағы діни ағымдардан келетін қауіп қатерлерді кең көлемде түсіндірді. 

Қазіргі уақытта теріс ағамдардың интернет құралдары арқылы, өзің теріс діни ақпараттарын насихаттап, дін аралық, ұлтаралық алауыздықтар туғызып, құқық бұзуда, сол себепті қылмыстық жауапкершілікке де тартылуда, яғни ҚР Қылмыстық кодексінің 174- бабы бойынша дін аралық, ұлт аралық алауыздықтар тудырып және діни ақпарат бөлісуде өзге ағымдардың насихаттарын бөлісуге тыйым салынғанын айтып өтті.

Ал Аудандық телог маманы А.Тажибаев телефонға келген ақпаратты бөлісуде оның қандай сайт, қайдан, кіммен, келгенін қадағалап, интернеттегі теріс ағымдардан сақтанып, ҚМДБ-ның имамдары мен теолог маманнан сұрау керек екенін айтып өтті.

Кездесу сонында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.