Теолог мамандар кітапханашылармен кездесті

Қысқаша

Қай заманда болмасын, дін өз өзектілігін жоғалтпаған тақырыптар қатарында болған.

Қай заманда болмасын, дін өз өзектілігін жоғалтпаған тақырыптар қатарында болған. Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Сондықтан да діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін нақты жоспармен еңбек еткен абзал. Сол себепті де, Қазақстанда діни ахуалды ұстап тұру үшін түрлі іс-шаралар өтуде. Оның барлығы – бейбітшілікті, діни алауыздықты болдырмауды көздейді.

Осыған орай, жақында Түркістан қалалық орталық кітапханасында «Деструктивті діни ағымдардың зияны» тақырыбында семинар өтті. Оған Түркістан қаласына қарасты барлық елді-мекендерде орналасқан кітапхана қызметкерлері қатысты.

Семинарда ОҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зертеу орталығының» теолог мамандары Б.Өтеген мен Н.Әмзеев деструктивті діни ағымдардың зияны түсіндірді. Орталық тарапынан іске қосылған сенім телефонына кез-келген уақытта қоңырау шалып, дін тақырыбында сұрақтар қоюларына болатынын айтты.

Семинар барысында сала мамандары тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кең көлемде жауап берді.