Ұстаздар жемқорлыққа қарсы

Қысқаша

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Арнайы топ Елбасы Жолдауын жүзеге асыру үшін атқарылып жатқан істермен мектеп ұжымын таныстырып, жемқорлықтың қоғамды іштен бұзатын құбылыс екенін, онымен күресте ешқандай да төзбеушілік болу керектігі айтылды. Бұл ретте мектеп мұғалімдерінің алатын орны ерекше. Болашақ ұрпақтың тәрбиесінде қоғамға жат құбылыспен келіспеушілікті бала кезден бойында қалыптастыру қажет. Осы орайда мұғалімдердің атқарып жатқан жұмыстарымен де танысты.

Іс-шараның мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Кездесу барысында білім саласындағы өзекті мәселелермен қатар, Арнайы мониторингтік топтың құрылу себебі мен міндеттері, жоспарланған іс-шаралары талқыланды.