«Таза сессия» акциясы аясында рейдтік іс-шара жүргізілді

Қысқаша

​ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаментінің және облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен облыстық Арнайы мониторингтік топ мүшелері Ә.Әссанди, А.Орынбек бірқатар орта арнаулы оқу орынд

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаментінің және облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен облыстық Арнайы мониторингтік топ мүшелері Ә.Әссанди, А.Орынбек бірқатар орта арнаулы оқу орындарының жатақханаларына рейд жүргізді. 
Басты мақсат - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, студенттік жатақханалардың мақсатты пайдалануын, соның ішінде, өзге санаттағы азаматтардың және отбасылардың негізсіз тұруын болдырмау болып табылады.
Бақылау барысында Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі жатақханасында 1-курс студентінің жолдамасыз жатақханада тұрып жатқандығы және қолында ешқандай құжат болмағаны анықталса, дәл осы жатақханада 2-курс студенті туысын (сіңлісін) рұқсатсыз жатақханада алып жатқандығы анықталды.
Іс-шара қорытындысымен жатақхана тәрбиешісі А.Абдумаликоваға және меңгерушісі А.Байбақоваға «сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. 
Сондай-ақ, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумабаевқа шара көру туралы ұсыныс облыстық білім басқармасы басшысының атына жолданды.
Аталған іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.