Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, оңтүстікте - шаңды дауыл соғады. Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының күндіз кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерінде найзағай күтіледі.
Алматы облысының күндіз кей жерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с үдейді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, кей жерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл , Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.