Анонимді сауалнама жүргізіліп, кездесу өтті

Қысқаша

​Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Елбасымыздың жыл сайынғы әр жолдауында айтылатын негізгі басымдықтың бірі. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігі жолдау жүктейтін негізгі міндіт.

3jpg.jpgСыбайлас жемқорлықпен күрес - Елбасымыздың жыл сайынғы әр жолдауында айтылатын негізгі басымдықтың бірі. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігі жолдау жүктейтін негізгі міндіт. Сондай-ақ,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы кү¬ресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәти-желерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жергілікті жерлерде жемқорлықпен күрес мақсатында халықтың сауаттылығын арттыру мәселесі жан-жақты жүргізілуде.
Сайрам аудандық дербес бөлімдердегі мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, кездесу өткізілді. Басты мақсат - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндіруді қамтамасыз ету, қызметтік әдеп нормаларын сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдық жай-күйін мониторингтеу.
Сайрам ауданы әкімінің өкімімен аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары аудан аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Ғ.Айтқұловқа жүктеліп отыр.