Бағдарламаның басым бағыттары түсіндірілді

Қысқаша

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бүгінде аталған бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ОҚО бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/2 мекемесінің жеке құрамымен кездесу өтті.

«Нұр Отан» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Садықов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға» арналған бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, маңыздылығын айтып өтті.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өткенін жеткізген сала мамандары, көпшілікті қоғамның жегі құрты саналып кеткен жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды.