Елбасы ел халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» - деп атап өтті. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып өткен болатын.
Елбасы жолдауындағы басым бағытарды жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы А.Шпекбаевпен бекіткен 2018 жылға арналған «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді» жоспары мен Сайрам ауданы әкімі Б.Мамаев бекіткен «Парасыз- болашаққа бірге» іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде «Адал жол» автокеруен қатысушылары ауыл тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.
Іс-шараға сала мамандары тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында біршама кеңестер берді.
Ауыл тұрғындары тарапынан "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" бойынша атқарылатын жұмыстарға ұсыныстар айтылды.