Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері кездесті

Қысқаша

ҚР Жемқорлықпен күреспен аса қатты мән беріп келеді. Себебі, жемқорлық - жарға жығады. Дамушы мемлекетке бұл өте ауыр соққы.

ҚР Жемқорлықпен күреспен аса қатты мән беріп келеді. Себебі, жемқорлық - жарға жығады. Дамушы мемлекетке бұл өте ауыр соққы. Сондықтан да, жемқорлыққа жойқын соққыны бірінші болып берген аса маңызды. 
Осыған орай, ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Елбасы Жолдауына орай, биыл 24 мамыр күні  «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» ОҚОФ-да болды.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Садықов, «Оңтүстікжолзертханасы» ММ, «Қазақавтожол» ЖШС ОҚОФ, «Шымкентдорстрой» ӨК ЖШС, «ЖБИ-С», «Қаздорпроект» ЖШС ұжымы.

Басты мақсат – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.