Жемқорлыққа жол бермеу тақырыбы талқыға салынды

Қысқаша

Қай заманда болмасын, жемқорлықпен күрес қатаң жүргізілген. Сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға ешқандай аяушылық болмаған.

Қай заманда болмасын, жемқорлықпен күрес қатаң жүргізілген. Сыбайлас жемқорлықпен айналысқандарға ешқандай аяушылық болмаған. Себебі, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының түбіне балта шабады. Сондықтан да, онымен күрес міндетті түрде қатаң жүргізілуі тиіс. 
Осы себепті де, ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Елбасы Жолдауына орай, биыл 22 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 мекемесінің жеке құрамымен кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалының өкілі Б.Тұяқбаев және жеке құрам қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен Гүлмира Төлегенқызы таныстырып өтті.

Семинар барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жол бермеу жолдарын талқыға салды.