Алматыда кезекті үшінші велошеру өтті

Қысқаша

Басты сый, екі велосипед велоспорт бапркерлеріне бұйырды.

Бүгін «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үшінші бұқаралық велошеру өтті, деп xабарлайды Baq.kz ақпарат агенттінгі.

Ақпараттық және спорттық ХАБ-тың хабарлауынша, қатысушылар сөреге «Нұрлы Тау» бизнес орталығында жиналды. 9 шақырым қашықтықты құрайтын велошеру Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының маңында аяқталды. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Басты сый, екі велосипед велоспорт бапркерлеріне бұйырды.

«Біз әрдайым қатысамыз. Біз үшін бұл жаттығу десек те болады. Осымен екінші рет велосипедті жеңдік. Мен «Apple team» командасының бапкерімін. Өкінішке қарай, спортшыларға велосипед жетіспейді, сондықтан шәкірттеріме сыйлаймын. Жаңбыр болжаланса да, қатысушылар саны көп. Бұл керемет жоба. Қала әкімдігі мен спорт басқармасына алғысымыз шексіз», - дейді жеңімпаз Жанна Юсупова.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің үшіншісі болып саналады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.