«Орысша білмесең жұмыс таба алмайсың». Қазақстанда мемлекеттік тілді дамыту үшін не керек?

Қысқаша

Facebook қолданушысы Erqanat Abeni Нью-Йорктегі Бруклин ауданында өзі куә болған жағдай туралы жазады. Ол сондағы бір дүкенге кіріп, сатушының ағылшын тілінде сөйлей алмайтынын көрген, сосын онымен орысша тілдескен. Осылайша, сатушының отыз жылдан бері АҚ

АҚШ-та біраз уақыт тұрып, ондағы кейбір диаспора өкілдерінің ондаған жылдан бері ағылшын тілін үйренбей-ақ өмір сүріп жатқанын көрген әлеуметтік желі қолданушысы еліміздегі компаниялардың қазақ тіліне қатысты көзқарасын сынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Facebook қолданушысы Erqanat Abeni Нью-Йорктегі Бруклин ауданында өзі куә болған жағдай туралы жазады. Ол сондағы бір дүкенге кіріп, сатушының ағылшын тілінде сөйлей алмайтынын көрген, сосын онымен орысша тілдескен. Осылайша, сатушының отыз жылдан бері АҚШ-та тұрып келе жатса да ағылшын тілін үйренбегенін білген.

47fef07804e96be85aa3888d23cd3fa1_crop_l_13_t_10_w_933_h_525_resize_w_520_h_.jpg

«Ол бізге не үшін керек? Айналымызда барлығы өзіміздікілер», – деп жауап берген сатушы. Пост авторы мұндай пікірдегі азаматтардың көп екенін байқаған.

«Олар мұнда өздерінің субмәдениетін құрған. Ол түсінікті де. АҚШ-та мемлекеттік тіл деген ұғым жоқ. Ол жақта жүргізуші куәлігін алу үшін орыс тілінде емтихан тапсыруға болады немесе басқа да қызмет түрлерін орыс тілінде ала аласың. Бірақ 30 жыл ішінде (ағылшын тіліндегі – ред.) қарапайым тіркестерді үйреніп алуға болады ғой», - дейді Erqanat Abeni.

Осы орайда ол елімізде қазақ тілі дамуы үшін не жетіспейтіні туралы пікір білдіреді.

«Бұл жағдай бізде қазақ тілі біртіндеп дамиды деген әңгімелердің бос сөз екенін білдіреді. Алдымен орта қалыптассын, түсінікті методика жасаңдар, тегін тіл курстарын ашыңдар, содан кейін ғана бізден тілді үйренуді талап етіңдер дейді олар. Алайда АҚШ-та әбден жетілген методика, толып жатқан тегін ағылшын тілі мектептері, орта, телеарналар т.б. бар. Бірақ қажеттілік болмаса, ешкім тілді үйренбейді», - дейді Erqanat Abeni.

Оның айтуынша, мұндағы әңгіме орыстілді азаматтардың мүддесіне қысым жасау туралы емес.

«Орысша білмейтін адамның жұмыс табуы қиын. Кей компаниялар тіпті ағылшын тілін білмесе жұмысқа алмайды. Бірақ ондағылар тұрғындарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің өзі қазақша білмесе, оған көзжұмбайлықпен қарайды. Яғни, бүгінде қазақ тілі екінші сортты емес, үшінші сортты тіл. Ендеше мұнда кімнің мүддесіне нұқсан келіп жатыр?», - деген сұрақ қояды автор.