Астана маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесін беру ұсынылды

Қысқаша

Әкім еске салып кеткендей, ауыл мұғалімдері жалақысына қосымша 25 пайыздық үстеме алады. Ал, қала мәртебесі берілген жағдайда олар үстемеден айырылады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинге Астана маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесін беру ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қосшы ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуде ұсыныс жасады. «Мүмкін ауылымызға қала мәртебесін беру мәселесін қарастырамыз. Себебі «қала» мәртебесі дегеніңіз сәйкесінше аурухана, емхана болады дегенді білдіреді», - деді Қосшы ауылы тұрғындарының бірі.

Өз сөзінде Мәлік Мырзалин бұл ұсыныс «кешенді қиын мәселе», деді. Оның айтуынша, ауылға қала мәртебесін беруді оң және теріс, сонымен қатар түйткілді тұстары жетерлік. Солардың бірі ұстаздардың жалақысы.

Әкім еске салып кеткендей, ауыл мұғалімдері жалақысына қосымша 25 пайыздық үстеме алады. Ал, қала мәртебесі берілген жағдайда олар үстемеден айырылады.