Қазақстандықтар арнайы чат-бот арқылы үйден шықпай-ақ заң кеңесін аулы мүмкін

Қысқаша

тарифтерін ұлғайтуға жіберу ұсынылып отыр.

image.png

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында заң кеңесін тегін беретін чат-ботты іске қосуды ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

- Азаматтардың өтеусіз негізде құқықтық кеңес алу тетігі пысықталуда. Қазір мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында кеңес алу үшін азаматтар адвокаттарға немесе заң кеңесшілеріне жүгінеді. Бұл рәсімді оңтайландыру үшін азаматтарға «үйден шықпай» кеңес беруге арналған чат-ботты енгізу ұсынылады, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Ал құқық кеңестерін беруден босаған қаражатты сот өкілдігіне еңбекақы төлеу тарифтерін ұлғайтуға жіберу ұсынылып отыр.

- Заң консультантының қызметі бойынша мамандыққа кіру, азаматтығына қатысты талаптарды, бірыңғай стандартты, сапа өлшемшартын, Заңгердің кәсіби әдеп кодексін бекіту пысықталып жатыр, - деді министр.