Тоқаев Ресей үкіметінің өкілін қабылдады

Қысқаша

қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. ️Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. ️Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті. ️Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.