Н.Шанаи: Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті, келісімді нығайту

Қысқаша

Н.Шанаи: Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті, келісімді нығайту

2014 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымы ретінде қызмет істеп келе жатқан Аналар кеңесі бүгінгі таңда 1 832-ге жетіп, 13 мыңдай белсенді ананың басын біріктіріп отыр. 

image.png

Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы ауызбіршілікті, келісімді нығайту. 

Кеңес өз жұмысын қоғамның тынысымен сәйкестендіре отырып жүргізеді. 

Мысалы, отбасылық өмір қиындықтары; саны артып келе жатқан ажырасу мәселесі; тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері; жасөспірімдер арасындағы келіспеушілік пен өзіне қол жұмсау; нашақорлықтың кең тарауы; интернетке тәуелділік мәселелері бойынша жобалар жүргізіліп, 44 мыңнан астам адам қамтылды. 

ПАНДЕМИЯ кезеңінде біз түсіндірме жұмысын жүргізіп, «Маскаларды өздеріміз тігейік» деген бастама арқылы 60 мыңнан астам бетпердені тегін тараттық. Ауруханада, блокпосттарда үзіліссіз қызмет етіп жатқан қызметкерлерге ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырдық. 

Биылғы республикалық «Ана әлдиі» байқауы, Семей полигоны жабылуының 30-жылдығына арналған «Ақ орамал» акциясы, тағы басқа шаралар онлайн форматта өткізілді. 

Бүгінгі таңда Аналар кеңесінің жұмыс бағыты кеңеюде. 

27 қыркүйек күні республикалық «Әкелер одағымен» меморандумға қол қойылып, ортақ іс-шаралар жоспары бекітілді. 

«МӘДЕНИЕТТІ АНА – МӘДЕНИЕТТІ ҰЛТ» атты республикалық жоба арқылы Аналар мектебін қалыптастыру жұмысы басталды. 

Уважаемые члены Совета! 

Совет матерей Ассамблеи старается держать руку на пульсе общества. 

В настоящее время направления работы Совета скорректированы с поручениями Послания Президента страны народу Казахстана. 

Хотелось бы обратить внимание, что ПОСЛАНИЕ ОБРАЩЕНО К НАРОДУ! И каждый активный член общества, особенно общественные организации, должны, в первую очередь, задаться вопросом - ЧТО Я ДОЛЖЕН СДЕЛАТЬ, ЧТОБЫ ВЫПОЛНИТЬ ЗАДАЧИ, ПОСТАВЛЕННЫЕ ПРЕЗИДЕНТОМ. 

Мы, Совет матерей, определили для себя следующие задачи: 

Первое. Воспитание полноценной культурной личности со знанием истории, обычаев и традиций, языка своего народа и государства. 

Знание родного языка – это понимание души своего народа. И для этого каждому этносу в Казахстане созданы все условия. 

Знание государственного языка – это ГРАЖДАНСКАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО ЧЛЕНА ОБЩЕСТВА. И эта ответственность должна быть сформирована в семье. 

Для примера хочу расказать о Ромащенко Дмитрие Сергеевиче, учителе казахского языка и литературы гимназии имени М. Горького города Костанай. Украинская семья с Федеровского района, надо признать в целом русскоязычного региона, воспитала патриота, который решил посвятить себя обучению детей казахскому языку. Сегодня Дмитрий Сергеевич один из лучших педагогов Казахстана. 

А всего по стране казахский язык и литературу преподают 1359 представителей некоренной национальности. 

Второе. Продвижение межэтнического согласия, укрепление преемственности поколений и формирование толерантной личности. 

Сегодня в Казахстане не существует вопроса о межэтнической толерантности. 

Для примера, хочу рассказать о семье Тулегеновых с поселка Алтынсарино Костанайской области. У них 12 детей: из них шестеро - казахи, трое – русские, двое – татары, один – башкир. 

Трое патронатных детей уже выросли и живут отдельно. 

В 2014 году Советом матерей Ассамблеи народа Казахстана Костанайской области была объявлена акция «Асар» и для этой многонациональной семьи был построен большой, просторный дом. Акцию поддержали все этнокультурные объединения, а возглавил, организовал, реализовал строительство председатель корейского этнокультурного объединения области Ким Игорь Романович. 

Сегодня по стране свыше 800 таких семей воспитывают детей разных национальностей. 

Третье. Организация правильной профессиональной ориентации среди молодежи. 

В Послании четко расписаны направления экономического развития страны, и нам понятно - какие специалисты будут нужны стране в ближайшем будущем. Совету матерей необходимо совместно с управлениями образования проводить встречи с выпускниками школ. Это работа даст не только снижение уровня безработицы - мы получим полноценно реализовавших себя счастливых детей. 

Кроме того, это направлено на борьбу с иждивенчеством – одной из проблем сегодняшнего дня. Мы, мамы, в ответе за формирование личности гражданина. Наши слова и действия как в зеркале отражаются в наших детях. Поэтому считаю необходимым организовать работу по распространению положительного опыта этнокультурных объединений по данному вопросу. 

Например, этнокультурные объединения Мангистауской области многодетным семьям оказывают помощь через кураторство, то есть обеспечивая детей необходимым для школы, они следят за посещением школы и успеваемостью. Далее, вместе с ребенком определяют будущую профессию и курируют поступление в колледж, помогают устроиться на подработку или работу. То есть дают путевку в жизнь. Алгоритм именно таких действий приводит к положительному результату – воспитывает ответственность родителей и детей. 

В целом по стране матерями Ассамблеи благотворительностью охвачены свыше 34 тысяч детей. 

Құрметті Кеңес мүшелері! 

Президенттің Жолдауы – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады. 

«Жолдау орындалу үшін біз не істеуіміз керек?» деген сұраққа жауап ретінде Аналар кеңесі келесі міндеттерді алдына қойып отыр: 

Біріншіден, ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕТІН АЗАМАТТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ. 

Бұл өзекті мәселені шешу мақсатында Аналар кеңесі қазақ отбасыларының арасында түсіндірме жұмысын жүргізу және оларға ана тілін үйренуге көмек көрсетуді ұйымдастырады. 

ӘР ОТБАСЫНЫҢ АНАСЫ, ӘЖЕСІ СОЛ ҮЙДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТЕТІН ҰСТАЗЫ БОЛУЫ КЕРЕК! ҰРПАҚ СОНДА ғана СӨЙЛЕЙДІ! 

ҚАЗАҚТАР ТІЛДІК ОРТА ҚҰРМАЙ – ЕШКІМ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕП КЕТПЕЙДІ. БҰЛ – ҰЛТ АЛДЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АНАЛАРЫНЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ПАРЫЗЫ. 

Екінші, балаларымызды мамандық таңдауда ғылымға, педагогикаға, медицинаға, энергетикаға, ауылшаруашылығына, IT-технология салаларына бағыттау керек. Бұл елімізге қажетті мамандықтар. 

Үшінші, білім мен біліктілік арқасында өз еңбегімен табыс табуды - масыл болмауды үйрету. 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің балаларға ерте кәсіби бағыт беру туралы тапсырмаңызды Аналар кеңесі қолға алады. Біз, Үкімет пен «Атамекен» ұлттық палатасының осы бағыттағы жұмысына белсене қатысуға дайынбыз. 

Сонымен қатар, көптеген аналарға жол ашқан «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының жалғасын тапқаны үшін қуаныштымыз. Баламен үйде отырған ана үшін бұл жобалар өте тиімді болып отыр. 

Қорыта айтқанда, аналар өзінің тарихи миссиясын – біріктіруші, жылу беруші, тәрбиелеуші, көмектесуші ретінде кеңес жұмысы аясында әрі қарай жалғастырады. 

Н.Шанаи, 

ҚХА Аналар кеңесінің төорайымы