ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау төлқұжатының ағылшын тіліндегі нұсқасында емле қатесі түзетілгенін айтты.
Қатеге адами фактор ықпал еткен деп түсіндірілді.
Қызметкер грамматикалық қате жіберді. Қазір оны жөндеп қойдық. Парақша енді нұсқаулыққа сәйкес жаңартылуы керек, делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Бұған дейін экс-ұлттық экономика министрі Руслан Даленов электронды вакциналау төлқұжатындағы қатені анықтаған болатын. Ағылшын тіліндегі коронавирус сөзі "о" -мен жазылған скриншотын ол әлеуметтік желілерде бөлісті.