Жұмыспен қамтуда жүйелілік бар

Қысқаша

Жұмыспен қамтуда жүйелілік бар



2021 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 9498 азаматты бағдарламаның белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету жоспарлаңған. Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгінген 2803 азамат бағдарламаға қатысты.

image.png

Оның ішінде 1065 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды;

"Еңбек биржасы" арқылы қажетті мамандықтар бойынша бос тұрған орындарды мекемелер тарапынан жариялымға шығару арқылы, халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген қажетті мамандық иелері тұрақты жұмыспен қамтылады.

- 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып 19 млн 800 мын теңге субсидияланды;

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында ниет білдірген 390 азаматтарға 227 млн 526 мың теңге мемлекеттік гранттар берілді. 189 азамат Бастау-бизнес жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінде оқытылып, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының II бағыты аясында несие алуға үміткерлер болып тіркелді. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбілсейіт Батырбекұлы брифингте мәлімдеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 айында келесі санаттағы азаматарға үйде әлеуметтік көмек көрсетілді:

-Жалпы қамқорлыққа алынғандар саны- 427 адам, оның ішінде:

-мүмкіндігі шектеулі балалар саны -192 бала

-18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтар саны - 90 адам;

- қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 145 адам;

Ал азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:

-тууды тіркеу туралы жалпы 2909 өтініш қабылданған,

-неке қиюды тіркеу туралы жалпы 802 өтініш қабылданған,

-Неке бұзуды тіркеу туралы жалпы 53 қызмет көрсетілсе,

-Қайтыс болуды тіркеу бойынша 454 өтініш қабылданған.