Сайрам жолдарының жағдайы жақсаруда

Қысқаша

Сайрам жолдарының жағдайы жақсаруда



2021 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы және аудандық бюджет есебінен 6 ауылдық округіндегі 42,1 шақырым болатын 25 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекен көшелерінің үлесі 52 пайыздан 58 пайызға жақсарады деп күтілуде. 

image.png

Ал аудандық маңызы бар жолдарға келсек, 2020 жылы аудандық маңызы бар КХSR-11 «КХ-3 Көксәйек-Шаян-Аққала-Сарқырама» автомобиль жолының 5,3-10,6 шқ аралығын күрделі жөндеу нысаны бойынша сметалық құны 484 744,0 мың теңге. 2021 жылға аудандық бюджет есебінен 136 млн 867 мың теңге қаралып соның 40 млн теңгесі игерілген. Аталған нысан жыл соңында пайдалануға беріледі. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанырлық жағдайы 71,4 пайыздан 79,7 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мырзахан Батырбекұлы арнайы өткізілген брифингте мәлімдеді.

Сайрам ауданындағы 140,5 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға -12 млн теңгеге қаржы қаралып мердігер мекеме «Atlant Salt» ЖШС анықталды.

Сонымен қатар, аудандағы 16 бағдаршамдарды күтіп ұстау жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 4 млн теңге қаржы қарастырылып мердігер мекеме «USM Holding» ЖШС анықталды.