Ауылшаруашылығында ілгерілеу бар

Қысқаша

Ауылшаруашылығында ілгерілеу бар



2021 жылы Сайрам ауданының көлемінде 52000 гектар жердің 17015 га-на күздік бидай егу жоспарланған. 4000 га-ға жаздық арпа, 300 га дәндік жүгері, 7250 га-ға жоспарланған мақсарының - 7300 га, 2500 га жаңа жоңышқаның - 2510 га, 4800 га көкөністің - 4850 га, 3000 га картоптың - 3100 га орындалды. Барлығы бүгінгі күнге 52000 га-ға немесе 100% жерге егістік орналастырылды.

image.png

Қоректендіру күзгі бидайға тыңайтқыш салу. Жоспар - 17015 га. Орындалғаны – 14910 га, яғни 87,6%-ды құрайды. Көлкент ауылдық округінде орналасқан «Food production LTD» ЖШС жаңадан 29 га жерге қарқынды алма егілді. Дала жұмыстарын жүргізу үшін 22000 гектар жер жырту жоспарланса, орындалғаны 22050 га (100,2%).

Одан бөлек, жылыжайларға 41,7 га көкөніс егілді. Оның ішінде 10,1 га қияр, 23,82 га қызанақ, 0,5 га баялды, 2,82 га лимон, 3,66 га көкөніс көшеттері, 0,3 га болгар бұрышы, 0,500 га гүл. Егу жұмыстары толығымен орындалды.

Бірінші айналымда 1169 тонна жылыжайдан қияр мен қызанақ алынды. Картоп: жоспар 55 000 тонна болса, бүгінгі күнге 910 га жерден 185,1 ц/га өнім алынып, 16845 тонна картоп қазылды. Жоспар 30,6% орындалды. Бұл мәліметтерден аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Р. Есполай арнайы өткізілген брифингте БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Сондай-ақ ауданның су жеткізушісі - «Ақсу» МКК тарапынан коммуналдық меншіктегі каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге жалпы ұзындығы 60 км (Қарасу-8 км, Қайнарбұлақ – 8 км, Көлкент – 11 км, Қарабұлақ- 7 км, Манкент – 6,5 км, Жібек Жолы – 1,5 км, Қарамұрт -6 км) каналдар тазаланды. Тазалау жұмыстары жалғасуда.

Сайрам ауданы бойынша маусым айының 1-ші 10 күндігінде Ақсу өзенінде күніне орта есеппен 18 мың/м³ ағын су келді. Судың ең көп келген күні 8 маусым - 22,6 мың/ м³ .

Аудан бойынша 2021 жылдың 5 айында 280675 бас МІҚ, оның ішінде 57100 басы аналық, 84762 бас жылқы, 178285 бас қой-ешкі, 62 бас шошқа, 167712 бас құс болды. Осы 5 айда 13 914 тонна ет, 61148,9 тонна сүт, 7 млн 986 мың жұмыртқа өндірілді. 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 109,5%, сүт 104,2%, жұмыртқа 105 % орындалды, бір сиырдан сауылған сүт 1305 кг немесе 2020 жылмен салыстырғанда 101,5 %-ға орындалды.