Танымал қазақ режиссері Елбасын қатаң сынға алды

Қысқаша

Танымал қазақ режиссері Елбасын қатаң сынға алды

"Ирина Кайратовна" атымен танылған бір топ талантты жастар ресейлік Юрий Дудьке сұхбат берді. Сұхбат барысында олар Қазақстандағы саяси жүйені сынға алып, еліміздегі біраз кемшіліктерді ашып айтты. Әсіресе олар халық коронавирустан қойша қырылып жатқан кезде биліктің Нұр-Сұлтан қаласында отшашу атқанына көңілдеріне кірбің ұялағандарын жеткізді.

Screenshot_13.jpg

- Өткен жылы Қазақстанда індет өршіп, шарықтау шегіне жетіп тұрғанда ауруға шалдыққан халықты жатқызатын орын, дәрі-дәрмек таппай қиналдық. Сол кезде Нұр-Сұлтан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай отшашу ұйымдастырылды. Бұл халықты қатты ызаландырды. Әсіресе мені, - деді "Ирина Кайратовна" шығармашылық ұжымының режиссері Қуаныш Бейсеков.

Сұхбат барысында режиссер ресейлік журналистке өзінің жұмыс бөлмесіндегі қабырғада ілініп тұрған картинаны көрсетеді. Картинада Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хан, қазақ халқының санын миллионға жеткізген Қасым хан, "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығарған Тәуке хан, үш жүзді билеген Абылай хан, қазақтың соңғы ханы Кенесары, Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов және КСРО тұсында Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев бейнеленген. Бұл картинада Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоқ. Журналистің "неге жоқ?" деген сұрағына режиссер "Ол лайық емес деп ойлаймын" деп жауап берді.