Сайрам ауданы – облыс көлемінде экономикалық потенциалы жоғары аудандардың бірі. Пандемиялық ахуалға қарамай, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы тұрақты дамуда. Ауданда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар бойынша бүгін брифинг өтті. Спикерлер: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айтекеева Алтынай Калдаркызы және аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы Бейсенбаев Баймырза Омарбекұлы болды.
Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш - жалпы өңірлік өнім көлемі 5 айда 48,3 млрд.теңгеге жетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9 %-ға немесе 4,0 млрд.теңгеге өскенін аңғартады. 6 айдың нәтижесі бойынша, көрсеткіш 60,8 млрд.теңгеге жетіп, өсім 7,8%-ға жетеді деген болжам бар. 2021 жылға экономикалық өсімді қамтамасыз ете отырып, жалпы өңірлік өнім көлемін 166,5 млрд.теңгеге немесе 5,0%-дық өсімге қол жеткізу жоспарлануда. Жалпы өнім көлемі ішінде басым үлес ауыл шаруашылығы саласына тиесілі (49,5 %) және де бұл сала ауданның басым бағыты болып саналады, - деді өз баяндамасында Алтынай Калдаркызы.
Жалпы есепті кезеңге бекітілген ашық конкурстардың саны 241 , оның 142 дербес бөлімдердің, ал 99 ауыл округтерінің конкурстары. Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі тарапынан 97,0 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
--- Сайрам ауданының коммуналдық меншігіндегі нысандарды жекешелендіру бойынша 2020 жылы мүліктер сауда-саттыққа шығарылмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптарына және Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының 23.02.2021 жылғы №23-12-13/349 хатына сәйкес, бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесіне енген мекемелерді «Жекешелендіру жол картасын» аудан әкімінің орынбасары бекітіп, «Сайрам тазалық» ЖШС және «Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Таза ауыл» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын жекешелендіру 2021 жылға жоспарланып отыр, - деді өз баяндамасында Баймырза Омарбекұлы.