«Биліктің жастарға қарсы жасап жатқан қастандығы» - журналист (видео)

Қысқаша

«Биліктің жастарға қарсы жасап жатқан қастандығы» - журналист (видео)

Журналист, қоғам қайраткері Арман Шораев биліктегі нағыз интеллектуал деп айтуға тұрарлық азаматтарды тізіп берді. Алайда, ол жас депутат Мәди Ахметовтың Парламентке келген жолын құптамайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

Арман Шораев пен Мәди Ахметов.jpg

- Жалпы мен кәдімгідей қуанамын Айдос Сарым, Берік Әбдіғалиұлы кәдімгідей көкірегі ояу интеллектуалдар. Кейбіреулері сынайлы Айдосты, сен кезінде оппозицияда жүрдің, енді "Нұр Отанның" атынан Мәжіліске кіріп жатсың деп. Мен ойлаймын шынымен сондай жігіттер болу керек. Қандай партияның атынан кіргені екінші нәрсе. Ол адамнан мен нәтиже күтемін. Аузым толтырып мақтап айтатын осы екі-үш жігіт бар. Қалғандары қуыршақтар. Оларды да білесіздер ғой енді, Мәди бауырымыз қандай жолмен Парламентке іліккендігі. Әрине теріс үлгі. Бірақ, ол биліктің біліп жасап жатқан қастандығы жастарға қарсы деп ойлаймын. Жалпы қазақ халқының батырлық рухына қайшы келетін нәрсе деп ойлаймын - дейді Арман Шораев.