Назарбаев: Шығыс Қазақстанды бөліп алып, Алтай республикасын құрмақ болды

Қысқаша

Назарбаев: Шығыс Қазақстанды бөліп алып, Алтай республикасын құрмақ болды

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шығыс Қазақстанда бір топ адам әкімдікті басып алып, Алтай Республикасын құрғысы келгенін айтты.

Батыс Қазақстан облысы.jpg

"130 кәсіпорын тоқтап, 2 миллион адам жұмыссыз қалды. Ал жылдық инфляция 2 000 проценттен асты. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы жағдай осындай болды", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде.

- Бір этнос көп шоғырланған жерлерде бөлініп шығайық дегендер болды. Орал казактары бой көрсетті, Шығыс Қазақстаннан да табылды. Ондайлар көп еді. Сосын көрші елден келген араңдатушылар жүрді. Бізге жермен бірге өтіңдер деп үгіттеді. Осының бәрін дер кезінде тоқатуға тура келді. "Нақты есімде жоқ, Алтай Республикасы ретінде жариялағысы келді-ау деймін. Бірақ осындай жағдай да болған. Біз оны да дер кезінде анықтадық, барлық адамды ұстадық. Соттадық. Ондайға жол беруге болмайды, - деп атап өтті Назарбаев.