«Мені өлтірмекші болды» - Мұхтар Шаханов (видео)

Қысқаша

«Мені өлтірмекші болды» - Мұхтар Шаханов (видео)

Мұхтар Шаханов КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті болған Горбачевтің өзін өлтірмек болғандығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбаты барысында айтты.

Мұхтар Шаханов.png

Мұхтар Шаханов әңгіме барысында, тірі жүргендігі Борис Ельциннің арқасы екендігін айтты.

- Мен бар кезде тек шындықты айтып келген екенмін. Совет Одағы кезінде Горбачев мені өлтіргісі келді. Ашық түрде өлтірмекші болды. Тіпті маған айтты сенің көзіңді жоятын мүмкіндік табамыз деді. Азанда мен солай боп кететін едім, Ресейдің тұңғыш президенті болған Борис Ельцин мен жағында болды. Әуелі Құдай, Егер Ельцин болмағанда мен тірі жүрмейтін едім – деді Мұхтар Шаханов.

Сондай-ақ, ақын әңгіме барысында Горбачев неліктен оны өлтіргісі келген себебін айтты.

- Бір кезде былай болды. Осы бүкіл Қазақстанды Колбин басқарды. Колбин рухсыз адам еді. Ол кезде демократия болатын. Мен өзімді желтоқсан шындығын айту үшін ССР халық депутаттығына ұсындым. Содан бірнеше жерде кездесу болатын болды. Сол кездесулерде Колбин барып тапсырма берген. Шахановпен кездесу болады, сол кездесулерді оған қарсы шықпасаңдар онда барлығыңды жұмыстан қуамын деген. Содан кейін бірнеше жерде солай болды. Бірнеше жерде алдап: Ертең сағат бесте Шахановпен кездесу болады деген.Жиналған адамдар бір сағат, екі сағат күтеді Шаханов жоқ. Өйткені, маған айтпаған ғой. Сосын мен мәлімдеме жарияладым. Маған айтқан жоқ, бәрін өздері жасап жатыр дедім. Осы Алматы облысының жеті ауданынан, әр ауылдан, әр ауданнан менің жанкүйерлерім пайда болды. Сөйтіп мен Желтоқсан оқиғасы туралы ашық айтуға мүмкіндік алдым. Сосын ССР Халық депутаты болып сайландым – деді Мұхтар Шаханов.