Дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды

Қысқаша

Мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылды.

5c23508dd45e9.jpg

Оқиға кеше қалаға іргелес Зеленов ауданы Асан ауылындағы мектепте орын алды. Осында 5-сыныпта оқитын бала дене тәрбиесі сабағы кезінде өзін жайсыз сезінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылды. «Жедел жәрдем көлігі бес минуттан кейін жетті. 2008 жылғы баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол жақын маңдағы емдеу орны - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық жансақтау шараларын жасағанымен, баланың өмірін сақтау мүмкін болмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», - деді А.Сақпосынова.