Ертіс өңірінің тас жолдарында аязда 80 адам құтқарылды

Қысқаша

Қарағанды – Семей бағытында жолға шыққан автобустың 24 жолаушысы Екібастұз қаласының № 7 орта мектебіне жеткізілді

f361fb2c2535bec6c39a4e52c2cfc40a_resize_w_520_h_.jpg

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00-де жолаушылар көлігі қатты аязға және облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты тоқтатылды.

«Сондай-ақ, бүгін түнде сағат 01.50-де Новосібір – Тәжікстан бағытында жолға шыққан көліктен 56 адам Успен аграрлық-техникалық колледжінің жылыту пунктіне орналастырылды. Оның беруі – бала. Екі жағдайда да ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Setra және Yutong маркалы автобустардан 80 адам құтқарылды», - дейді департаментте.

Кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін шектеу қойылған болатын.