Бұл рейтингке 29 автокөлік маркасы кіріп отыр. Олардың ішінде көш бастап тұрғандары жапондық және корейлік автокөлік брендтері: Lexus, Toyota, Mazda, Subaru, Kia, Infiniti.
Рейтингтегі бірінші орынға Lexus ие болды. Оның сенімділігі 100 ұпайдың 78-іне бағаланды. 76 ұпаймен екінші орынға Toyota маркасы ие болыпты. Үздік үштікті Mazda аяқтап отыр. Бұл әуесқой автомобильшілерге таң қалдырды. Себебі бұған дейін жапондық Mazda бренді 12-ші орында болған еді.
Сенімді автокөліктердің қатарына, сондай-ақ, Mini, Hyundai, Audi и BMW да кірген екен.
Сенімділігі ең төмен деп табылған автокөлік – шведтердің Volvo маркасы. Одан бөлек, американдық GMC, RAM, Tesla және Cadillac маркалары да сенімділігі жағынан төмен деп бағаланып отыр.