Cудьялар пара алды деген күдікпен ұсталды

Қысқаша

Өскемен қаласының судьясы мен аудандық соттың судьясы және Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының төрағасына қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жа

38.jpg

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішке оң қарағандығы үшін пара алды деп күдіктелуде», - деді ол брифингте.

Осы орайда Жанна Бастарова қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу) талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ол ұлттық бюро Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандық соттың судьясы мен Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының төрағасына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Шығыс Қазақстан облысы аудандық сотының судьясы заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғадан әкімшілік материал бойынша қайықты тәркілемеу үшін пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының төрағасы да пара алды күдік бар. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу) талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деді ресми өкіл.