СІМ Каспийде уланған ирандықтарға қатысты пікір білдірді

Қысқаша

Каспий теңізі арқылы Ақтаудан Бакуге бағыт алған жүк кемесінің экипажы жаппай уланып, үш адам қайтыс болды. Дегенмен Иран үкіметі Әзербайжан билігіне мән-жайды анықтау үшін сауал жолдаған, ал ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласпаған. Бұл туралы СІМ рес

2.jpeg«ҚР Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізіндегі «Назмехр» ирандық жүк кемесіндегі улануға қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Кеме Ақтаудан Бакуге бағыт алған. Маңғыстау облысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы уланудың себептерін анықтап жатыр. Иран тарапы бұл мәселе бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан жоқ», - деді ресми өкіл.

Иранның IRNA ресми ақпарат агенттігі 19 қазанда «Назмехр» жүк көлігінің экипажында жаппай улану болды деп Әзербайжан билігіне хабарласқан. Кеме Ақтаудан бидай алып бара жатқан. Зардап шегушілер жағаға шығарылған. Үш теңізші ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Парвиз Абубекировтың айтуынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес экипаж бидай дақылдарын қорғауға арналған химиялық заттармен улануы мүмкін.