Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зардабы түсіндірілді

Қысқаша

Шынын айту керек, кез-келген өсіп келе жатқан мемлекеттің түбіне жететін фактор – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Сыбайлас жемқорлық – жегі құрт секілді. Тамырға бір түссе болды, алып еменді іштен жеп, құлатпай қоймайды.

Шынын айту керек, кез-келген өсіп келе жатқан мемлекеттің түбіне жететін фактор – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Сыбайлас жемқорлық – жегі құрт секілді. Тамырға бір түссе болды, алып еменді іштен жеп, құлатпай қоймайды. Сондықтан да, мұндай жегі құртты тамырға түсіруге болмайды. Мейлінше, ағаш діңін ақтап, күтіп-баптап, жегі құрттың өсуіне мүмкіндік бермеу керек. Сонда ағаш жайқалып өседі. Міне, дәл осы мысалды мемлекетке келтірсек болады. Мемлекет өсіп-өркендеу үшін адами факторларды тежеп, оларды жөнге салу керек. Бүгінде Қазақстан тура жолда дамып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің тамырын тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бұның бәрі Елбасының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолының арқасында десек болады.

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресте көптеген игі іс-шаралар атқарылуда. 28 қыркүйек күні Түркістан облысы, Созақ ауданы, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде «Адал жол» марафоны болып өтті. Марафонға мектеп ұстаздары, оқушылар қатысып отырды. А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры С.Маликайдар, білім бөлімінің бас маманы Ш.Сатыбалды, білім бөлімінің әдіскері Ә.Өтжанов тақырып бойынша ой - пікірлерімен бөлісті. Оқушылар марафон барысында сыбайлас жемқорлық деген өте ауыр қылмыс екенін, оның зардабы мемлекеттік дамуына орасан зор зиянын тигізетінін біліп, барлық жағдайда коррупциямен күресетіндерін айтты. 

Жиында оқушылар патриоттық ән шырқап би биледі және сыбайлас тақырыбында қойылымдар қойылды.