Арыста қоныс той көбеймек

Қысқаша

Журналист – билік пен халық арасындағы алтын көпір. Журналист билікк халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, мәселенің шешілуіне ат салысады.

126.jpgЖурналист – билік пен халық арасындағы алтын көпір. Журналист билікк халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, мәселенің шешілуіне ат салысады. 

Күні кеше осыны назарға алған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Арыс қаласына БАҚ өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды. Онда журналистер шахардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты. 

Алдымен, тілшілер «Көктем-2» тұрғын ауданында болып, ондағы 36 пәтерлі үш бірдей көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үш қабаттан тұратын тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары 2015 жылы бектілген. Қазіргі таңда 3 үйдің құрылыс жұмыстары жоспар бойынша толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданған. Айта кету керек, Арыстағы нақ осы тұрғын ауданда, мұнан бөлек, тағы 36 пәтерлі көп қабатты үш  үйдің құрылыс жұмыстары жүруде. Ал қала бойынша 1300-ден астам азамат үй кезегінде тұр.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері аталған тұрғын ауданда жуырда ғана құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңшасына да аялдады. Жобаның жалпы құны 60 млн. теңге. Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып отыр.

Одан бөлек, қаладағы қоғамдық орындарды абаттандыру шаруалары да жоспар бойынша атқарылып келеді. Іссапар барысында  «Мәңгілік ел» саябағында болған журналистер осындай жұмыстарға куә болды. Жалпы, көріктендіру шараларына 79 млн. 677 мың теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастап, биыл маусым айында аяқтап отыр.