Ескі нысандарды қалпына келтіру - басты назарда

Қысқаша

«Жүре берсең – көре бересің» демекші, жылы кабинетте отырып жұмыс істеу – әкімге жараспайтын қылық. Әкім ел аралап, барлық нәрсені өз көзімен көру керек. Бір күн ауыл-ауылдарды аралап көргенде ғана, көптеген жайттармен бетпе-бет келеді.

123.jpg«Жүре берсең – көре бересің» демекші, жылы кабинетте отырып жұмыс істеу – әкімге жараспайтын қылық. Әкім ел аралап, барлық нәрсені өз көзімен көру керек. Бір күн ауыл-ауылдарды аралап көргенде ғана, көптеген жайттармен бетпе-бет келеді. Осы сөзді қағида етіп ұстанған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Асықата кентінде болып, ондағы өзекті мәселелермен танысып шықты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Асықатада мән беретін ең бірінші мәселе – кенттегі тазалықты сақтау. Сондай-ақ, кент аумағындағы көше бойларын ретке келтіріп, көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөлінгелі отыр. Сонымен қатар, кенттегі бұған дейін пайдаланылмай келген ескі нысандарды орта жөндеуден өткізу жоспарлануда. Осы мақсатта кент орталығында орналасқан 3 қабатты ғимаратты демеушілер тарапынан орта жөндеуден өткізу жұмыстары бастау алды.

- Бұдан былай Жетісай қаласы мен Асықата кентін қатар дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынатын болады. Қала мен кенттің тыныс-тіршілігі ұқсас. Сондықтан ең бірінші кезекте қала мен кенттегі тазалық мәселесіне аса мән беруіміз қажет. Алдағы уақытта бұған дейін Жетісай қаласында орналасқан бірқатар коммуналдық мекемедерді Асықата кентіне жайғастыру жоспарда бар. Бұл өз кезегінде кент пен қаланың коммуналдық саладағы кемшін түсіп отырған тұстарды ретке келтіруге өз септігін тигізетін болады, - деді Жамантай Қанайұлы.

Аудан әкімі Асықатадғы кей ескі нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын тездетіп әрі сапалы етіп аяқтауды тапсырды.