Жұмысы бар азамат - мемлекеттік зор байлығы

Қысқаша

Азаматтарды жұмыспен қамту - кезек күттірмейтін іс. Себебі, жұмыссыз жүрген азамат - экономикалық белсенділігі жоқ адамдар қатарында болады.

66.jpgАзаматтарды жұмыспен қамту - кезек күттірмейтін іс. Себебі, жұмыссыз жүрген азамат - экономикалық белсенділігі жоқ адамдар қатарында болады. Мұндай адамдардан мемлекетке еш пайда болмайды. Сондықтан да еліміздегі әрбір азамат жұмыс істеп, нәпақа тауып, отбасын асырап және мемлекет қазынасына салық төлеп жатса, мемлекет әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылар еді.

Осыған орай, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 400 бос жұмыс орны ұсынылды. Дәлірек айтсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған тұрғындар жұмыспен қамтылды. 

Бағдарлама қатысып, жаңа кәсіпті игерген 1000-ға жуық маман бүгінде тігінші, кондитер, шаштараз, аспаз, құрылысшы, сантехник және өзге де мамандықтарға машықтанған. Оларға арнайы куәлік тапсырылды. Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашеваның айтуынша,  «Әр ауылға өз шебері» жобасы бойынша 1600-ден аса адам оқып, оның 1035-і жұмыспен қамтылған. 27 мамандықты игеру үшін 1080 адам үш ай мерзімге оқуға жолданған.

Сарыағаштықтар жұмыссыздықты жою мақсатында қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруда республика бойынша алдыңғы қатарда келеді.