Арыста үш ауысымды мектеп қалмады

Қысқаша

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жет

65.jpgМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жете алады»-деген болатын. 

Осы орайда, Түркістан облысы, Арыс қаласында жаңадан салынған Дермене ауылдық округі, Саналы елді мекенінен 150 орындық «Қаражантақ» жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Білім ошағының ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, «Нұр Отан» Партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы И.Қалиев, қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. 

Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.

Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Арыс қаласында апатты мектептер мен үш ауысымда білім беретін мекемелер жоқ. Қала аумағында 40 білім ошағы болса, оның 26-сы жалпы орта мектеп статусын иеленсе, 5-уі бастауыш, ал 9-ы шағын жинақты мектептер қатарына кіреді.