Медқызметкерлер бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Қысқаша

Көңілі тоқ адам – жұмысты зор құлшыныспен істейтіні анық. Құлшыныспен, сүйеспеншілікпен істелген жұмыс өнімді болып, жұмыс сапасы артады. Осыны ескергн Түркістанға қоныс аударған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өз мамандарына жан-жақты ж

55.jpgКөңілі тоқ адам – жұмысты зор құлшыныспен істейтіні анық. Құлшыныспен, сүйеспеншілікпен істелген жұмыс өнімді болып, жұмыс сапасы артады. Осыны ескергн Түркістанға қоныс аударған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өз мамандарына жан-жақты жағдай жасауда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма қызметкерлеріне материалдық көмек пен ыстық тамақ берілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Денсаулық сақтау басқармасы Түркістан қалалық ауруханасы ғимаратының бірінші қабатына орналасқан. - Басқарма қызметкерлері толық көшіп келгелі бір айдай уақыт болды. Барлық кабинеттер интернетке қосылып, телефон, компьютерлермен толық жабдықталған. Қызметкерлер толық орнықты. Пәтерақы ретінде ай сайын 81 мың теңгеден беріледі. Қыркүйек айынан бастап экологиялық зиянды аймақ ретінде жалақыларына 20 пайыз ақша қосылады. Балаларын мектеп - балабақшаларға орналастыруда. Бұдан бөлек, күніне бір мезгіл ыстық тамақ тегін беріледі.

Әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, жергілікті тасымалдаушы компания сенбі, жексенбі күндері Шымкентке қайтатын қызметкерлерді арзан бағамен апарып, дүйсенбіге дейін алып келеді, деді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев. Қазіргі таңда жаңа облыс орталығына қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлер үшін көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Соның арқасында алдағы уақытта баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмек.