Келесте келелі істер аз емес

Қысқаша

Жаз маусымының соңында халық қалаулылары ел аралап, өңірге не керек, қандай көмекке мұқтаж, нендей жетістіктер бар, бәрін көзбен көріп, ой елегінен өткізеді. Мұндай кездесу керек-ақ. Халық пен депутаттар кездесіп, пікір алмасады. Елдегі жағдай айтылады.

Жаз маусымының соңында халық қалаулылары ел аралап, өңірге не керек, қандай көмекке мұқтаж, нендей жетістіктер бар, бәрін көзбен көріп, ой елегінен өткізеді. Мұндай кездесу керек-ақ. Халық пен депутаттар кездесіп, пікір алмасады. Елдегі жағдай айтылады. 

Мінекей, бүгін осындай кездесу Түркістан облысында өтті. Келес ауданына Мәжіліс депутаты Берік Оспанов іс-сапармен келді. Сапар барысында Келес ауданы, Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінде орналасқан «КелесПласт» ЖШС ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. «Келес Пласт» ЖШС директоры Нұржан Омаров өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптермен полиэтиленді жабындарды көрсетті. 

Нұржан Омаровтың айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100% қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді. Атап айтсақ, «Келес Пласт» ЖШС цехы 2018 жылдың ақпан айында іске қосылған. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын 10 адамды жұмыспен қамтыған. Негізгі қызмет түрлері жылыжай шаруашылықтары үшін полиэтиленді жабындарды өңдеу мен өндіріу, жылыжайларға арналған металл қысқыштар мен көшет материалына арналған пластикалық стақан шығару, полиэтиленді тоқыма кендіржібін өндіру болып табылады. Бұл ісімен кәсіпкер азамат аудан бюджетінен айтарлықтай кіріс кіргізіп отыр. Мәжілісмен кәсіпкердің бұл жұмысын қолдап-қуаттап, қажет болса кәсіпкерлерге қол ұшын созатынын айтты. Ол аудан халқын кәсіппен айналысуға шақырды.