Өңірдің сәні - қауын мен қарбыз

Қысқаша

Жаз сәні – жаңа піскен жеміс-жидек. Әсіресе, Күнгей өлке үшін – қауын-қарбыз ерекше сән береді. Осы қауын-қарбызды өсіретін Жетісайда бүгін "Қауын fest" облыстық фестивалі өтті.

Жаз сәні – жаңа піскен жеміс-жидек. Әсіресе, Күнгей өлке үшін – қауын-қарбыз ерекше сән береді. Осы қауын-қарбызды өсіретін Жетісайда бүгін "Қауын fest" облыстық фестивалі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жағыруы» бағдарламасы аясында тұңғыш рет өткізіліп отырға фестивальге өңірдегі аудандар мен қалаларынан және республиканың өзге өңірлерінен де қонақтар келіп қатысты деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметі. Еңбекші қауымның еңсесін көтеруге бағытталған фестивальдің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің ауыл шаруашылығы саласының потенциялы жоғары екеніне тоқталды.

— Біз бақша өнімдерін терең өңдеу саласына мән бергеніміз жөн. Осы мақсатта қауын мен қарбыздың отаны саналатын Жетісай және Мақтаарал аудандарында бақша өнімдерін терең өңдеумен айналасытын шағын кәсіпорындар мен цехтарды іске қосуымыз қажет. 2018 жылы Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын жобалар мен іс-шаралар қайта қаралып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға негізделген болатын. Соның нәтижесінде биылдан бастап облыстың әр аймағында ауқымды шара өткізу және оларды дәстүрге айналдыру қолға алынды. Алдағы уақытта жыл сайын тамыз айында «Қауын fest» фестивалін, «Қауынғақ», «Қауында да қауын бар» сияқты байқаулар мен жәрмеңкелер ұйымдастырамыз, — деді облыс әкімі. 

Облыс диқандары өткен жылы 1250 мың тонна бақша өнімдерін өндірсе, биыл 1330 тонна өнім жиналған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 80 мың тоннаға артқан. Республикада өсірілген қауын-қарбыздың 65 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Мақтаға қарағанда бақша өнімдерінен түскен табыс 5 есеге көп. Облыста өндірілген бақшаның 44 пайызы Мақтаарал мен Жетісай аудандарынының үлесінде.