Ауыл азаматтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қысқаша

Ауылды жерде тұратын азаматтардың әлеуметтік жағдайы қала тұрғындарына қарағанда біршама төмен. Ауылды жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің дені мамандардың тікелей өздерінің атқаруымен жасалады.

825.jpegАуылды жерде тұратын азаматтардың әлеуметтік жағдайы қала тұрғындарына қарағанда біршама төмен. Ауылды жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің дені мамандардың тікелей өздерінің атқаруымен жасалады. Интернет ауылға енді келе бастады. Сол себепті де ауыл азаматтары сыбайлас жемқорлықтың белгілерін байқап қалады.

Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Көкібел ауылдық кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіп - қатері» атты ой-талқы кеші болып өтті. Мақсаты - сыбайлас жемқорлықпен күресті мемлекет пен қоғам біріге отырып жүргізу. Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін тиісті заңдар қабылданған. Арнайы бағдарлама да бар. Бірақ, қоғам болып сол заңдардың орындалуын қадағалап, келеңсіз құбылысқа қарсы тұрмаса - оның тиімділігі болмайды. Кездесуге келген азаматтық ұстанымы берік жандар сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір белгісі байқалған болса, соны тез жоюдың жолдарын қарастырды. Азаматтардың ұсыныс-тілектері тиісті орынға жолданатын болды.