Тарихи жәдігерге толы Түркістанда оң өзгерістер орын алады

Қысқаша

Италия десе көз алдыңызға Колизей, Түркия десе Константинополь мешіті келеді. Әр мемлекет өзінің тарихи жәдігерлерімен құнды. Сондықтан да, тарихи жәдігерлерді барынша әспеттеп, насихаттаған абзал. Ал, Қазақстан мемлекетінің тарихи жәдігерге толы қаласы –

10.jpgИталия десе көз алдыңызға Колизей, Түркия десе Константинополь мешіті келеді. Әр мемлекет өзінің тарихи жәдігерлерімен құнды. Сондықтан да, тарихи жәдігерлерді барынша әспеттеп, насихаттаған абзал. Ал, Қазақстан мемлекетінің тарихи жәдігерге толы қаласы – Түркістан десек болады. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысының орталығында сәулетшілер мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат дөңгелек үстел барысында Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту жайын талқылады.

Түркістан қаласындағы жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебев облыс орталығына айналып отырған шаһарды экономикалық, әлеуметтік, рухани-мәдени жағынан дамыту басты мақсат екенін атап өтті. 

– Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін «Көне Түркістан» тұжырымдаамасы жасалды. Оның басты бағыттарының бірі туристік  индустрияны дамыту болып белгіленді. Жобаның негізгі идеялық мәні – Түркістан қаласын Түркі әлемінің тарихи астанасы контексінде «ТҮРКСОЙ» ұйымына мүше елдерге ұсыну. Сонымен қатар, түркітілдес халықтардың сәулеттік, этнографиялық және ұлттық гастрономиялық бағыттарын танытып, қаланы түркі әлемінің мәдени орталығына айналдыру болып табылады,,- деді облыс әкімі.

Әкімнің айтуынша, жалпы жоба 99,6 гектар жер аумақты қамти отырып, үш кезеңде іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде Түркия тарапынан салынған мешіттің оңтүстік шығыс бетіндегі  61,8 гектар жер аумағына «Этоносаябақ» салу көзделсе, екінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қарсы бетіндегі 12,3 гектар жер аумағында «ТҮРКСОЙ» ұйымына мүше елдердің мәдени ошақтары мен сол елдердің тарихын сипаттайтын нысандардың құрылысын жүргізу. Ал үшінші кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің 88,7 гектар аумағындағы бекініс қорғаны мен арбатты және оның  бойындағы ғимараттарды жаңғырту.