Әскерилер діннің маңызы туралы дәріс тыңдады

Қысқаша

Жамағатты ата-бабасының дәстүрінен айырғысы келетін теріс пиғылды ағымдар қоғамның бар саласына ықпалын жүргізгісі келеді. Студентті өзінің дегенімен жүргізіп, спортшыларды қолбала еткісі келтіндер көбейді.

222.jpgЖамағатты ата-бабасының дәстүрінен айырғысы келетін теріс пиғылды ағымдар қоғамның бар саласына ықпалын жүргізгісі келеді. Студентті өзінің дегенімен жүргізіп, спортшыларды қолбала еткісі келтіндер көбейді. Бұл ағым күшейе келе билікті ығыстырғысы келетіні анық. Сол себепті де терроризм мен діни экстремизм біздің өмір сүріп ижатқан уақытта қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі. 

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы Арыс гарнизонының мәжіліс залында әскери гарнизонының қызметкерлеріне, облыстық дін істері басқармасының жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің дінтанушы, теолог маманы Батыржан Темірханов «Дәстүрлі емес діни ағымдар» тақырыбында дәріс оқыды. Әскерилерге ғаламтордағы ақпаратты қолданар алдын білікті мамандармен ақылдасқаны жөн екені айтылды. Сонымен бірге Арыс гарнизонының қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Қ.Алпамыс Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 18 тармағында көрсетілген әскери қылмыстар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Ғаламтор шырмауына түскен тағдырлар» және «Жалған жиһад» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді. Ал жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан тұщымды жауаптарын алды.