Жаңадан құрылған ауданда жаңаша талаптар қойылуда

Қысқаша

Жақында ғана жаңадан құрылған Келес ауданында тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мейлінше белсенді жүргізіліп жатыр. Ауыл азаматтарына инфрақұрылымды дамыту жолдары, әлеуметтік жағдайды жақсарту,

221.jpgЖақында ғана жаңадан құрылған Келес ауданында тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мейлінше белсенді жүргізіліп жатыр. Ауыл азаматтарына инфрақұрылымды дамыту жолдары, әлеуметтік жағдайды жақсарту, Елбасыны жасақтаған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары айтылды. Шекаралас аудандағы теріс діни ағымдардың жымысқы әрекеттері туралы да хабардар етілді. Осы жағдайларды қарапайым тұрғындарға әдетте білімді, зиялы азаматтар жеткізеді.

Келес ауданы Абай ауылдық округіндегі мекеме қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау мақсатында кездесу болып өтті. Оған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекмесінің Сарыағаш ауданындағы теолог мамандары Б. Умаров, Қ. Аширбаев және Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығығының теолог маманы Б. Асатуллаев қатысты. Әңгіме өзегіне айналған тақырып – мемлекеттің дін саласындағы саясатын қарапайым халыққа түсінікті тілмен жеткізу болды. Теріс діни ағымдарға, әсіресе, жастардың шырмалып қалмауы үшін сақ болу, ақпаратты білікті мамандармен ақылдаса отырып пайдалану керектігі айтылды. Дінді дұрыс түсініп, дұрыс пайдалану жайы сөз болды.