Үш жасар қыз апасының дәрісін ішіп көз жұмды

Қысқаша

Апасының дәрісін ішкен екінші баланың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

6333bdb09252b62fd538d8fe4d4b8a87_resize_w_520_h_.jpg

Апасының дәрісін ішкен екінші баланың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Подмосковьеде екі кішкентай екі бала апасының сөмкесіндегі дәріні ішіп, соның салдарынан 3 жастағы қыз көз жұмса, төрт жастағы ұл ауруханада ауыр хәлде жатыр.

9 тамызда саяжайлардың бірінен ес-түссіз жатқан екі баланы ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі үш жасар қыз болса, екіншісі төрт жастағы ұл. Оқиға орнына жеткен медициналық мамандар қыз баланың көз жұмғанын анықтаған, ал ұл бала ауыр хәлде ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Алдын ала болжам бойынша, балалар саяжайда анасы, апасы және кәмелеттік жасқа толмаған екі әпкелерімен болған. Үлкендердің назарынан тыс қалған сәтті пайдаланған олар сөмкеден апасының дәрісін алып, ішіп қойған», - делінген хабарламада.